Чехияда жалған санитарлық құжаттар көбейіп кетті

Чехияда жалған санитарлық құжат жасау деректері жиіледі.

Әккі саудагерлер мұндай құжатты интернетте ғана емес, көшеде де сатып жүр. Осы ретте ішкі істер министрлігінің жарлығымен елдің ірі қалаларында  алаяқтықпен күресетін арнайы бөлімдер құрылды.

Бірнеше айда жалған анықтамаларды жасау мол табыс әкелетін қылмыстық кәсіптердің біріне айналды. Бағасы аймаққа байланысты. Шағын елді мекендерде 150 еуро тұрса, ел астанасы мен ірі шаһарларда 200-ден кем түспейді. 

Виталий Штрака, Прага полициясы Киберқылмыстарға қарсы төтеу бөлімінің қызметкері:

Пандемия кезінде қылмыскерлер карантиндік тұрмысқа тез бейімделді. Алғашында жалған ПТР-тест қорытындыларын жасайтын. Ал қазір жалған құжаттар шығаратын нағыз жүйе құрды. Бір ерекшелігі қаскөйлер бірден шетелдерге шықты. Басында чехиялық айлакерлер Италияда әрекет етіп, кейін Еуроодақтың өзге елдеріне де ауысты.

Полиция бұл іс бойынша бірнеше адамды ұстады. Алайда олардың барлығы атшабар немесе табысты қолма-қол ақшаға айналдыратын агенттер боп шықты. Олар бұл заңсыз кәсіп күніне 50 мың доллардай табыс әкелетінін мойындады. Көбіне жалған құжатты тезірек шетелге кеткісі алатын туристтер алады екен. Прага полицясы бұл айлаға ондаған дәрігердің қатысы бар екеніне де дәлел тапты. Брно мен Пльзень қалаларында екі дәрігер қамауға алынды. Олар қылмыскерлерді қажетті бланктермен жабдықтаған екен.

Януш Радецки, Прага полициясы Киберқылмыстарға қарсы төтеу бөлімінің аға инспекторы:

Қылмыскерлерді іздеумен қатар осындай құжатты сатып алып жүрген адамдармен де жұмыс істеуге тырысамыз. Өйткені заң бойынша олар да осы айла үшін жауапкершілікке тартылады. Жақында Чехия полициясының басшысы жалған анықтамалардың кесірінен науқастар саны өсіп, қайта карантиндік шектеулер енгзілуі мүмкін екенін ескертті. 

Осы ретте Еуроодақ мамандары Чехияға көмекке келді. Олар елде де, бүкіл Одақ аумағында да хакерлер, жалған құжат пен ақша жасаушылар мен банк деректерін ұрлайтын қылмыскерлерге қарсы бірлескен опеарциялар өткізуді жоспарлаған.  

Авторлары: Александр Грэс, Павел Невид

 

Сондай-ақ...