Польшада пойыз жүк көлігіне соғылып, рельстен шығып кетті

Польшаның батысындағы Щецин маңында жолаушылар пойызы теміржол өткелінде жүк көлігіне соғылып, рельстен шығып кетті.

Апат салдарынан сегіз адам зардап шекті, 39 жолаушы эвакуацияланды, деп хабарлады RMF24.

Алдын ала ақпарат бойынша, өткелдегі дабыл және бағдаршам пойыздың жақындағаны туралы ескерткен, бірақ жүк көлігі теміржол бойына шыққан. Пойыз жүк көлігіне соғылды, содан кейін екі вагон рельстен шығып кетті.