Ковидтен жазылғаннан кейінгі екі апта денсаулық үшін екіталай кезең – Lancet

Коронавирустан жазылғаннан кейін алғашқы 2 аптада оны жұқтырған адамның жүрек-қан тамырлары ауруы асқынып, өміріне қауіп төнуі мүмкін.

Бұл туралы Швециядағы Умео университеті ғалымдарына сілтеме жасаған «Ланцет» медициналық журналы хабарлады.

Зерттеу барысында ковид-19 жүрек пен қан тамырларымен байланысты кеселдердің асқыну қаупін 3 есеге арттырған. Аталған жобаға 87 мыңға жуық науқас қатысқан.

Авторлар мұны «осы бағытта жүргізілген ең ірі зерттеу» деп жариялады.