Шри-Ланкада індеттің күшеюінен 10 күндік локдаун енгізілді

Шри-Ланкада коронавирус жұқтырғандар мен дерттен көз жұмғандар саны артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай ауыртпалық түскен. Науқастардың қатары екі есе көбейіп, 8 мыңнан асты. Осыдан кейін елде 10 күндік локдаун жарияланып, комменданттық сағат енгізілді. Кей саясаткерлер жалпыұлттық карантин енгізуді талап етіп жатыр. Ресми дерекке қарағанда 32 миллион тұрғыны бар Шри-Ланкада халықтың төттен бір бөлігі ғана толық вакцина салдырған.