Шахтадағы апаттан 68 сағат өткен соң төрт кенші құтқарылды

Қытайда көмір шахтасында болған апаттан кейін тірі қалған 4 кенші табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өлім аузынан аман қалғандар жер астында 3 күн бойы болған. Қазір олар дәрігерлердің жіті бақылауында.

Естеріңізге салайық, көмір шахтасындағы апат өткен аптада болды. Құтқарушылар бұрғыланған құбыр арқылы кеншілермен байланыс орнатып, азық-түлік жеткізіп отырған. Кейін ор қазылып, адамдар сыртқа шығарылды.