Венесуэлада су тасқынынан 16 адам қаза тапты

Венесуэланың Мерида штатындағы су тасқынынан қаза тапқандардың саны 16-ға жетті.

Тағы 17 адам із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ол үшін 80 өрт сөндіруші , азаматтық қорғаныс қызметінің 60 маманы тағы қосымша әскерилер тартылған. Табиғат апатынан аймақта 1200 баспана қирап қалды. Қазір бірнеше өңір тұрғындары жарықсыз және байланыссыз отыр. Ең сорақысы, жергілікті билік апаттан зардап шеккендерге көмектесе алмаймыз дейді. Айтуынша, ол үшін ел қазынасындағы қаражат жеткіліксіз.