Жерорта теңізінде тағы бір топ мигрант құтқарылды  

Испаниялық үкіметтік емес ұйымдардың бірі Жерорта теңізінде 23 мигрантты құтқарды.

Ағаш қайыққа мінген босқындар Тунистен Италияға қарай өтпек болған. Қауіпті жолға шыққан келімсектердің арасында 4 бала бар. Құтқарылған мигранттар Италияның жағалау күзетіне тапсырылып, осы елдің портына жеткізілді. Ресми дерекке қарағанда биыл қаңтар айынан тамыздың басына дейін Италияға теңіз арқылы 30 мыңнан астам мигрант келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Мигрант:

– Біз Тунистен Еуропаға келуді шешкен себебміз ол жақта жұмыс жоқ, күн көріс өте қиын. Коронавирус өршіп тұр. Көп адамдар ауырып жатыр. Дүкендер жабылып, еңбек етіп ақша табудан қалдық. Жағдай өте ауыр.