Ресей ғалымдары коронавирусты 27 минут ішінде анықтайтын құрал ойлап тапты

Оны Федералдық медицина-биологиялық агенттік мамандары жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрал изотермиялық амплификация әдісі негізінде жұмыс істейді. Ол адамның ағзасында вирусқа антиген бар ма, жоқ па, соны анықтайды.

Айта кеткен жөн, Ресейде COVID-19 жұқтыру бойынша расталған деректер саны 7 миллионнан асады. Кейінгі уақытта эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Көрші елде соңғы тәулікте 17500-ге жуық оқиға расталды. Бұл маусымның аяғынан бері тіркелген ең төменгі көрсеткіш.