Ғалымдар: Жаппай ревакцинацияның пайдасы жоқ

Қайта вакциналаудың қажеттілігі жоқ. Мұны жуырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлері бар халықаралық ғалымдар тобы айтып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл аздай, мерзімнен бұрын немесе жиі егілу жүрек бұлшықетінің ауруына әкеп соқтыруы мүмкін. Медицина саласындағы мамандар әріптестеріне бустерлік екпені енгізу алдында тиісті медициналық тексеріс жүргізуге шақырады. Сонымен қатар ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаның жаһанның барлық елінде қолжетімді болу керек деген мәселені көтерді.