Таиландта туристер үшін карантин тәртібі өзгерді

Таиланд туристер үшін карантин мерзімін қысқартты.

1 қазаннан бастап екпе салдырған саяхатшы 14 күн емес, бір апта ғана оқшауланады. Билік өкілдерінің айтуынша, мұндай қадам елдегі эпидахуалдың жақсаруымен байланысты. Ал вакцина салдырмағандар бұрынғыша 10-нан 14 күнге дейін карантинде қала береді.

Оқшаулану мерзімі туристің Таиландқа қандай жолмен жеткеніне байланысты болмақ. Яғни кеме не ұшақпен келсе – 10 күн, ал автокөлікпен жетсе, 14 күн карантинде болуы тиіс.

Бұдан бөлек, Таиландқа кірер алдында бәрінде ПТР-тесттің теріс нәтижесі болуы шарт.