Чилиде мектеп оқушыларына вакцина салына бастады

Чили мектептерінде 6 мен 11 жас аралығындағы оқушыларға коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады. Екпе балаларға  ата-аналарының рұқсатымен, ерікті түрде салынады. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі хабарлады.

Шараға қытайлық Sinovac препараты таңдалды.

Айта кетейік, елде 12 мен 17 жас аралығындағы жас өспірімдердің 84 проценті індетке қарсы дәріні қабылдап үлгерді. Ал өткен айда 55 жастан асқан тұрғындарға 3-ші доза басталды.

Паула Даза, Чили Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі:

– Көптен бері жоспарлаған іс-шараны қолға алдық. 6 мен 11 жас аралығындағы балалар екпе қабылдай алады. Вакцина салдыру – ерікті. Препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденді.

Сондай-ақ...