Жер сілкінісінен кейін Токио жарықсыз қалды

Жапонияда жер сілкінді. Зілзаланың қуаты кей аймақта 6 балға жуық болды.

Ең қатты жерасты дүмпулері Токио мен оған іргелес Тиба, Сайтама және Канагава префектураларында сезілген. Әзірге зардап шеккендер және қирандылар туралы ақпарат жоқ. Токиода пойыздар тоқтап тұр. Белгілісі электр желілері үзілген. Мамандар цунами қаупі төнбегенін хабарлады.

Сондай-ақ...