Вакцинаның үшінші дозасын кімдер алуы керек – ДДСҰ жауап берді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы иммунитеті әлсіреген адамдарға коронавирусқа қарсы үшінші доза егуге кеңес берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі бұл санаттағы азаматтарға жұқпалы дертке қарсы 2 доза аз болып, олар коронавирустың ауыр түріне шалдығуы мүмкін. Ұйым сарапшылары сондай-ақ Қытайдың «Синовак» пен «Синофарм» компанияларының екпесін алған қарттарға да үшінші доза салуға шақырды. Бірақ сарапшылар бустерлі дозаны халыққа жаппай салуды ұсынудан алшақ. Мамандар мәселені қарашаның 11-і күні кеңірек талқыламақ. Ал ресми дерекке қарағанда, қазірге дейін әлемде коронавирусқа қарсы 3,5 миллиард доза екпе салыныпты. Бірақ вакциналау біркелкі жүріп жатқан жоқ дейді мамандар.

Сондай-ақ...