Ливан астанасында жарылыс болды    

Ливан астанасы Бейрутте жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, әскерилер содырлар жасырынған ғимаратқа гранат лақтырған. Бұл туралы Риа агенттігі хабарлайды. 

Бүгін таңертең қалада ереуіл болған. Жұрт былтыр кемежайда болған жарылысты тергеумен айналысатын комиссия басшысын қызметінен алып тастауды талап еткен. Сөйтіп Әділет сарайының алдына жиылған. Алайда бәзбіреулер ереуілшілерге оқ атып, 6 адамды мерт қылды. Тағы 30-ы жараланған. Осыдан кейін әскерилер атыс ашқан қаскөйлерді іздестіріп, олар жасырынған ғимаратта жарылыс ұйымдастырса керек.