Грекияда толассыз жауған жаңбырдан бірнеше елді мекен суға кетті

Толассыз жауыннан көп елді мекенде тасқын жүрді.

Грекияда ақжауын сіркіреп тұр. Көптеген елді-мекенді су алып кетті. Ел астанасы Афинада жүздеген үй мен көше бойы көлкіп тұр. Ал Корфу аралындағы қала көшелері өзенге айналған. Кей аудандардағы тұрғындар тікұшақпен эвакуацияланды. Тасқын 1 адамды көлігімен қоса ағызып әкеткен. Қазір апат аймақтарында құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Яннис Алексакис, қонақ үй қожайыны:

– Тасқыннан қонақ үй суға лезде толып, көзді ашып жұмғанша 1 метрге дейін көтерілді. Салдарынан ғимараттағы қонақтар сыртқа шыға алмай қамалып қалды.

 

 

Сондай-ақ...