Нигерияда жол апатынан 11 адам көз жұмды

Нигерияның Квара штатында жексенбі күні болған жол апатынан 11 адам қаза тауып, тағы 15-і зардап шеккен.

Бұл туралы дүйсенбі күні штаттың жол полициясына сілтеме жасай отырып Синьхуа хабарлайды.

Полиция мәліметінше, жол апаты басып озу ережелерін бұзу салдарынан болған. Жарақат алғандар жергілікті ауруханаға жеткізілді.