Сидней мен Мельбурнға келетін шетелдіктер карантинге жабылмайды

Жаңа шара 1 қарашада күшіне енеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ дәмханалар мен мейрамханалар ішінде бір уақытта 20 адамға дейін кіруге болады. Ал ашық далада 50 кісіге дейін отыруға рұхсат. Бұл жеңілдіктер тек вакцинаны толық салдырғандарға арналған.

Айта кетейік, бес миллион тұрғыны бар Мельбрундағы локдаун әлемдегі ең ұзақ карантин болды. Қатаң шектеулер 262 күнге созылған. 

Дэниель Эндрюс, Виктория штатының премьері:

– Виктория штатындағы жасы 16-дан асқан тұрғындардың 90,5% вакцинаның бірінші дозасын, ал 71,1 % екінші дозасын салдырды. Сондықтан бұдан былай біз локдаунды аяқтап, қала мен штат аумағында емін-еркін жүруге мүмкіндік беретін шараларды қолға аламыз.

Сондай-ақ...