Германияда 1,7 мың адам вакцинаның үшінші дозасын алды

Олардың арасында жасы 70-тен асқан қариялар көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Медицина саласының қызметкерлері де аталған компонентті салдырып жатыр. Қазір Германияда вакциналау қарқыны баяулап қалған. Бұл көршілес Дания мен Испаниядан анағұрлым төмен көрсеткіш. Елде 10-14 жас аралығындағы балалар мен 19-ға дейінгі жасөспірімдер көп ауырып жатыр.

Христоф Шпинер, вирусолог:

– Соңғы күндері біздің емханаға ковид ауруы асқынған көптеген жастар түсіп жатыр. Жастардың арасында екпе алмағандар өте көп. Бірақ вакцина салдырғанына қарамастан адам коронавирус жұқтырса, бұл препараттың еш әсері жоқ дегенді білдірмейді. Вакцина алғандар ковидтің ауыр түрімен ауырмайды. Сондықтан вакциналау қарқынын арттырған жөн. Қариялар мен созылмалы ауруы бар адамдар үшінші дозаны тез салдырса игі!