Солтүстік Корея оқу процесіне қолданатын роботтарын көрсетті

Солтүстік Корея мектептердегі оқу процесінде қолданатын жаңа роботтарын көрсетті.

Соңғы уақытта елдің оқу орындарында жасанды ақыл мен кибернетиканы кеңінен пайдалану қолға алынған. Мысалы, бастауыш сыныптарда музыка, математика, ағылшын тілі сабақтары құлтемірлер арқылы жүргізіледі. Жергілікті мамандар мұндай роботтарды дайындауда біраз қиындықтар туындағанын жасырмайды.

Айта кетейік, Солтүстік Корея билігі соңғы жылдары білім саласын реформалауды күшейтіп, ғылыми және технологиялық инновацияларды жан-жақты енгізуге көп мән бере бастаған.