Беларусь шекарасындағы 200-ге жуық мигрант Польша аумағына өтті

Бейнематериалдағы ондаған босқын «Брузги» бақылау-өткізу бекетінің шебін бұзған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар сым қоршауды үзіп, Польшаның аумағына өткен. Польша полицейлері босқындарға қарсы күш қолданбай, оларды тек сыртынан видеоға түсірген. Бұған дейін мигранттардың екі тобы шекараны бұзып өтті. Кейбірі қолға түскен, қалғандарына іздеу жарияланды.