Венесуэлада 12 мың музыкант бір уақытта түрлі аспапта ойнады

Венесуэла астанасының орталығында 12 мың музыкант жиналып, әлемдік рекорд орнатуға ниеттеніп көрді.

Олар 12 минут бойы түрлі аспапта ойнап, Чайковскийдің «Славянский марш» туындысын орындаған. Рекорд орнату үшін 5 минут жеткілікті болған. Шараны өз көзімен көруге көп адам жиналды. Арасында Гиннесс рекордтар кітабының өкілдері де бар. Олар өз қорытындысын тек 10 күннен кейін жария етеді. Тиісті әлемдік рекорд 2019 жылы Санкт-Петербургте тіркелген. Ол кезде Чайковскийдің туындысын бір уақытта 9 мың музыкант орындаған еді.