Бейжіңде жаңа қор биржасы ресми жұмысын істей бастады

Бүгін Бейжіңде жаңа қор биржасы ресми жұмысын істей бастады. Бұл Шанхай мен Шэньч-жэньнен кейін Қытайда ашылған құнды қағаздардың үшінші алаңы.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, Бест деп аталатын жаңа биржа, шағын және орта бизнесті қолдау және инновациялық дамудың ұлттық стратегиясын ілгерілету деген 2 маңызды қызметті атқармақ. Бұл жерде инновациялар мен жоғары технологиялар саласында жұмыс істейтін, компаниялардың акциялары сатылады.

Бүгінгі саудаға 81 кәсіпорынның құнды қағаздары шығарылды.

Жалпы Қытайда жоғары сапалы кәсіпорын деген мәртебесі бар 4922 шағын және орта компания тіркелген.