Украинаға Қазақстан көмірі тасымалданады

Қазақстан көмірі Украинаға тасымалданады. Бұл туралы Украинаның Үкімет басшысы Денис Шмыгаль мәлімдеді. Бұған дейін, яғни бірінші қарашадан бастап Ресей өз шекарасы арқылы Украинаға Қазақстан көмірін тасуды тоқтатқан еді. Бірақ енді көп ұзамай түрлі кедергілерге қарамастан Қазақстан көмірі Украинаға теңіз арқылы жеткізілмек.

Қараша айының басынан бері Украинада көмір тапшылығы қатты сезіле бастады. Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігі «жылу электр станцияларында 370 мың тонна ғана көмір қоры қалды» деп дабыл қаққан болатын. Өйткені бірінші қарашадан бастап Ресей өз шекарасы арқылы Украинаға қазақстандық көмір тасымалын кілт тоқтатқан еді. Сөйтіп, Украина көмірді Америка мен Оңтүстік Африка елдерінен теңіз арқылы тасымалдауға мәжбүр болды. Дей тұрғанмен, Украинаның премьер-министрі Денис Шмыгаль жуырда қазақстандық көмірдің тасымалы да теңіз арқылы қайта жанданатынын мәлімдеді. 

Александр Сиренко, Украина энергия нарығының сарапшысы:

- Появилась информация о том, что уголь из Казахстана в Украину поедет другим путем. В частности, найден был выход транспортировки через морские порты. Все равно с использованием перевалки на российской территории. Здесь нужно отметить, что похожий маршрут уже используется казахскими компаниями, например, при поставке сжиженного газа в Украину.

- Қазақстандық көмір Украинаға жеткізілетін болды. Атап айтқанда, теңіз порттарының көмегімен Ресей аумағы арқылы тасымалдаудың жолы түсіп тұр. Осы жерде айта кететін жайт, осыған ұқсас бағытты қазақстандық компаниялар, мысалы, Украинаға сұйытылған газды жеткізуде кеңінен қолданады.

Орталық және шығыс Украинадағы электр және жылу энергиясын өндіретін ең ірі компанияның мәліметі бойынша Қазақстаннан 663 000 тонна көмір жеткізілмек. Одан бөлек Украина көмірді Америка мен Оңтүстік Африка елдерінен теңіз арқылы тасымалдауға мәжбүр.

Александр Кава, Украина қаржы министрінің орынбасары:

- Помимо казахстанского угля, сейчас идет поставка угля в Украину, именно энергетического угля из США и из Колумбии. Ло февраля месяца всего будет поставлена 7 судов типа «панамакс» почти с полумиллионом тонн угля, 5 кораблей из США и 2 корабля из Колумбии.

Қазақстаннан бөлек Украинаға АҚШ пен Колумбиядан көмір тасымалданбақ. Ақпан айына дейін жарты млн тоннаға жуық көмір тиеген 7 Панамакс кемесі, АҚШ-тан және Колумбиядан 2 кеме келе жатыр. 

Украина жылыту маусымында 2,8 млн тоннаға жуық энергетикалық көмірді тұтынады. Дәл қазір жанармай тапшылығына байланысты жалпы қуаты 7,85 ГВт болатын жылу электр станцияларының 23 блогы жұмыс істемей, қаңтарылып тұр.

Аида Қыдырбай, Петр Борейко