Франция мейрамханаларында санитарлық құжат сұрайды

Париж қаласындағы мейрамханаларды полицейлер тексере бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі Францияда коронавирус жұқтыру деректері күрт көбейген. Сондықтан өңірдегі тәртіп сақшылары келушілерде санитарлық құжаттың бар-жоғын тексеруді қолға алды. Ауруханалар екпе алмаған науқастарға лық толы.

Ресми мәлімет бойынша кеше ғана бұл елде 30 мыңнан астам адамнан қауіпті инфекция анықталған. Бұл сәуірден бергі ең жоғары көрсеткіш.