Португалиялық «Белененсеш» футбол клубында омикрон штамын жұқтыру дерегі тіркелді

Португалиялық «Белененсеш» футбол клубында коронавирустың омикрон штамын жаппай жұқтыру дерегі тіркелді.

Әзірге 13 оқиға расталған. Ойыншылардың бірінің жуырда Оңтүстік Африка Республикасынан оралғаны белгілі. Вирустың өршуіне байланысты бірнеше футболшы «Бенфика» клубымен өткен кездесуге қатыса алмай қалған. Салдарынан төреші ойынды мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды. Қазір 40-тан аса адам оқшауланды. Келесі матч осы жұмаға жоспарланған.