Түркиядан тікелей қосылым: Табиғи апаттан ел есін жиды ма?

Түркияда кешелі бері ауа райы күрт бұзылып, халықты әбден әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бірқатар провинцияларда әуе және теңіз қатынасы тоқтады.

Меруерт Қанағат, тілші:

– Түркияда кеше басталған құйынды дауылға байланысты 17 провинция мен 30-дан астам аудан мектептері уақытша жабылды. Бұл өңірлерде мемлекеттік мекемеде қызмет атқаратын мүгедек жандар мен екіқабат әйелдер жұмыстан босатылған. Мұндай шешімді елдің ішкі істер министрлігі қабылдады. Ресми мәліметтер бойынша дүлей дауыл Ыстамбұл, Сакария, Кожаели, Ялова, Балыкэсир, Чанаккале, Бурса, Зонгулдак мен Текирдағ қалаларында ойран салған. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, «Лодос» атты дауыл салдарынан тек Ыстамбұлдың өзінде 6 кісі қаза тауып, 40-қа жуық кісі зардап шеккен. 33 тұрғын үйдің шатыры опырылып, 200-ге жуық ағаш құлаған. Ондаған көлік үгінді астында қалып, 3 жүк көлігі аударылған. Жергілікті әкімшілік, алдағы күндерде курьерлік сервистің уақытша қызмет көрсетпейтінін хабарлады. Ыстамбұл мэрі әлеуметтік парақшасында курьерлік қызметкерлерді Босфор көпірінде қос автобус қоршап, дауылдан қорғап тұрған сәті көпшіліктің көңілінен шықты.

 

 

Сондай-ақ...