Түркияның ұлттық валютасы қайта құлдырап барады

Түрік лирасының долларлық бағамы қайта антирекорд орнатып, ел тарихындағы ең төмен көрсеткішке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жыл басында доллар бағамы 7 лирадан сәл асса, қазір екі есе жоғары. Түркияның ұлттық валютасы 70%-ке құсызданды. Жуырда ел президенті Режеп Тайып Ердоған қазынашылық және қаржы министрін қызметінен алды. Осыған дейін де бірнеше рет Ұлттық банк басшыларын қызметінен босатқан еді. Түркия билігі ел экономикасының долларға тәуелділігін қысқартпақ болған, алайда бұл шаралары бағаның өсуіне әкелді. Шикізат бағасы өскендіктен, көптеген шағын кәсіпорындар өндірісін тоқтатты. Ел басшылығы экономикалық мәселелерді шеше алмағандықтан, оппозиция президенттік және парламенттік сайлауды мерзімінен ерте өткізуді ұсынды.