Мальдивтегі туристен «омикрон» анықталды

Омикрон Мальдив аралдарына да жетті.

Үнді мұхитындағы аралды елде мутацияға ұшыраған коронавиурстың алғашқы жұқтыру дерегі тіркелді. Дерт демалуға келген туристердің бірінен анықталды. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Бірақ науқастың қай елдің азаматы және қандай халде екені белгісіз.

Айта кетейік, омикрон штамы осы уақытқа дейін әлемнің 20 елінде тіркелген. Көптеген мемлекет Оңтүстік Африка елдерімен шекарасын жауып, әуежайларда бақылауды қатаңдатқан.