АҚШ пен Ресей басшылары онлайн форматта жүздесті 

АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей басшысы Владимир Путиннің кезедсуі екі сағатқа созылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Келіссөз барысында талқыланнған басты мәселенің бірі – Украина төңірегіндегі ахуал. Президент Джо Байден Ресейдің Украина шекарасы маңында өз әскерін шоғырландыруына алаңдаушылық білдіріп, Мәскеу көрші елге қарсы әскери қимылдарға барса, қатаң санкция салатынын ескертті. Путин Ресейдің ешқандай жаулық пиғылы жоқ екенін айтып, керісінше, Украинада НАТО күшінің ұлғайып келе жатқанына алаңдайтынын жеткізді. Мәскеу, сондай-ақ соңғы жылдары салқындаған екіжақты қарым-қатынасты жандандыру үшін дипломатиялық шектеулерді алып тастауды ұсынды. Екеуара қос мемлекеттің киберқауіпсіздік және өзге мәселелер бойынша бірігіп әрекет етуі қажеттігін сөз етті.

Джейк Салливан, АҚШ президентінің ұлттық қауіпісздік жөніндегі кеңесшісі:

– Президенттер арасындағы тікелей байланыс – екіжақты қарым-қатынасты дамытудағы ең мыңызды құралдың бірі. Ал бүгін кездесу барысында қозғалған мәселелерге келетін болсақ біз оларды бақылап саралауды жалғастырамыз. Ресеймен өзара ықпалдастық әрекетіміздің барлығы еуропалық әріптестірмізбен  бірлесіп, ақылдасып жүзеге асырылатын болады.