Бурундиде түрме өртеніп, 38 адам көз жұмды

Гитега шаһарында түрмеден өрт шығып, 38 адам мерт  болды. Гитега бұл Бурунди мемлекетінің астанасы, деп хабарлайды Хабар 24.

Жалпы түрме ішінде мың жарымдай адам болған. Оның 70-тейі түрлі жарақат алды. Ал марқұмдардың көбі алған күйіктен ауруханада көз жұмған. Өрттің өзі неден шыққаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ақпарға қарағанда, биыл тамыз айында да дәл осы түрмеде өрт болған. Бірақ ол кезде жалын адам өліміне әкелмеген.