Әлемде Сovid-19-дан инфекция мен өлім-жітімнің өсуі 10%-ке артты – ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы covid-19-дан әлемде инфекция мен өлім-жітімнің өсуі 10%-ке артқандығын мәлімдейді. Бұл тек бір аптада орын алған көрсеткіш, деп хабарлайды Хабар 24.

29 қарашадан 5 желтоқсанға дейін коронавирустың 4,1 миллионға жуық жаңа жағдайы тіркелді. Африкада аурудың өсудің жоғары деңгейі анықталды – 79 %. КВИ салдарынан болатын өлім санының Оңтүстік-Шығыс Азияда 49%-ке және Америка аймағында-38%-ке артуы байқалды. Өткен аптада әлем бойынша 52,6 мыңға жуық көз жұму деректері тіркелді.

Ресей Федерациясында коронавирустың таралуына байланысты жаңа шектеулер енгізілді-келесі аптадан бастап Мемлекеттік Думаның ғимараттарына кіру үшін QR кодтары мен ПТР тесттен өту міндеттері енгізілді. Жаңа ереже вакцинация алғандығын, ауырып сауығып шыққандығын дәлелдейтін немесе ПТР тестінің теріс нәтижесі туралы құжаттарды міндетті түрде ұсынуды қарастырады. Қазір Мемлекеттік Думада QR-кодтар туралы екі заң жобасы қаралуда. Олардың бірі теміржол және әуе көліктерінде құжаттарды пайдалану тәртібін реттейді. Екіншісі-азаматтардың дүкендерге, тамақтану орындарына және бұқаралық іс-шараларға баруына қатысты.