Жапония ғалымдары коронавирус жұқтыру қаупін анықтайтын ерекше бетперде ойлап тапты

Ғалымдар коронавирустан емдеудің нақты жолын таппаса да, одан қорғану күш салып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Жапондықтар вирустың бір ұшқыны жылт етсе, жарқырап шыға келетін бетперде ойлап тапты. Бетперде түйеқұстың жұмыртқасынан алынған антиденелер негізінде жасалған арнайы фильтрден тұрады. Флуоресцентті бояғыш затпен өңделген. Сөйтіп фильтрге вирус бөлшегі түссе, бетперде жарқырай бастайды. Оны сынақтан өткізуге 32 адам қатысқан екен. Сөйтсе, бетперде олардың барлығында індет қаупі барын аңғартқан. Енді ғалымдар тағы бір сынақ жүргізіп, оған көп адам қатыстырмақ.

Ясухиро Цукамото, Киото префектуралық университетінің президенті

– Коронавирусты жұқтырған кейбір адамдарда ауру еш белгілерсіз өтуі мүмкін. Симптомдар байқалмағасын, олар тест те тапсырмай жүре береді. Бір жаманы – бұл адамдар індетті басқаларға жұқтыра алады. Ал мынадай масканы таққанда, қауіп барын бірден анықтауға болады. Бұл бетперде тесттің бірі түрі десек болады.