Мәскеуде QR-код мерзімі ұзартылды

Ресей астанасында бүгіннен бастап коронавирустан жазылып шыққан жандарға берілген QR-код мерзімі 6 айдан 12 айға ұзартылады, деп хабарлайды Хабар 24.

Ал дерттен жаңа ғана емделіп шыққан азаматтарға QR-код бірден 12 айға беріледі. ПТР-тестің мерзімі омикрон штамына байланысты керісінше 2 күнге дейін қысқартылды. Ал вакциналаудан өткен соң берілетін QR-код баяғыдай 1 жылға жарамды болып қала береді.

Айта кетейік, қазір бұл код мәскеуліктерден театр, мұражай және 500-ден астам адам жиналатын өзге де орындарға кіру үшін талап етіледі. Жалпы Ресей астанасында 6,1 миллион адам толық вакциналанған.

Қала мэрі Сергей Собяниннің мәлімдеуінше, шаһарда денсаулық сақтау, білім, сауда және өзге де сала қызметкерлерінің 80 проценті вакциналанған.