Анкарадағы қатты аяздан субұрқақ айсбергке айналыпты

Алып шаһарда күн суытып, аяз болған. Салдарынан қаланың Кугулу саябағындағы субұрқақ мұз айдынына айналған, деп хабарлайды Хабар 24.

Анкарада қыста температураның төмендеуі жиі болғанына қарамастан, саябақтағы субұрқақтар жыл он екі ай жұмыс істейді.

Сондықтан саябақ тоғанындағы аққулар мен үйректер аязға бейімделуге мәжбүр. Соңғы күндері түнде термометр минус сегізге дейін төмендеді. Саябақ қызметкерлері құстар үшін мұз ойықтарын жасап, оларға жем береді.