Францияда бір тәулікте 100 мыңнан астам адамға ковид жұқты

Францияда кейінгі бір күнде 100 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, тәуліктік ең жоғары көрсеткіш тіркелді.

Бұл өткен аптадағы сенбі күнмен салыстырғанда 2 есе артық. Індеттің қайта өршуіне байланысты ертең пандемиямен күрес жөніндегі дағдарысқа қарсы ұлттық кеңес бас қосады. Мамандар елде дертке шалдыққандар саны осы қарқынмен өссе, жағдай күрт ушығатынын ескертіп жатыр.

Жюльен Карвелли, интенсивті терапия бөлімінің басшысы:

- Егер коронавирустың омикрон түрін жұқтырған науқастардың халі нашарласа, ахуал ушығуы мүмкін. Қазірдің өзінде бізде төсек-орын жетіспей жатыр. Кеселдің ауыр түріне шалдығу жиілесе жағдай қиындайды.