Израиль шекараларын ашты

Израиль шекараларын ашты
Корреспондент.net

Израиль омикронның жылдам таралуына қарамастан шекарасын ашып тастады. Билік «коронавирус жұқтырғандар саны онсыз да күн сайын артып барады, індеттің бесінші толқынын тежеуге қанша тырыссақ та мұнымыздан бәрібір, ештеңе шықпайды» деп отыр. Бірақ жағымды жаңалықтар да жоқ емес.

Израильде коронавирус жұқтырғандар қарасы тез өсіп, мектептер қайтадан онлайн оқуға ауыстырылды. Мемлекеттік қызметкерлердің де көбі қашықтан жұмыс істеуге көшті. ПТР-тест орындарында ұзын-сонар кезек қалыптасты. Адамдар тексерілу үшін бірнеше сағат күтуге мәжбүр.  Дегенмен, ауруханаларға ауыр халде түскен науқастар саны айтарлықтай тез өсіп жатқан жоқ. Дерттен өлім-жітім де өте аз. Бірақ жақын күндері жағдай жылдам өзгеріп кете ме деген қауіп бар.   

Нафтали Беннет, Израиль премьер-министрі:

- Қазір бізде күніне 5 мың адам вирусты жұқтырып алып жатыр. Менің ойымша, апта соңына қарай бұл көрсеткіш 20 мыңға жетуі мүмкін. Ал індеттің таралуының шыңырау шегінде дертке тәулігіне 50 мың адам шалдығуы ықтимал. Бұл өте көп. Бірақ әлем жаңалықтарынан егер сіз вакцина салдырған болсаңыз бұл кеселден қауіп аз екенін біліп отырмыз. Екпе алсаңыз халіңіз күрт нашарламайды. 

Израильде вакциналау жалғасып жатыр. Жақында билік жасы 60-тан асқан адамдарға вакцинаның төртінші дозасын салуға көшті. Қарттармен бірге денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне де екпе салынып жатыр. Қалған тұрғындар қалауына қарай егіледі.

Шарон Гефен, тұрғын:

- Қарттар 4-доза салу басталғанын ести салып, күйеуіммен бірге кезекке жазылып қойдық. Өйткені бұл кесел жұқпалы. Одан тек вакцина салдырып ғана қорғануға болады деп ойлаймын. 

Израиль қаңтардың 9-ынан бастап шетелдіктерге шекарасын ашты. Бірақ ел аумағына тек вакцина салдырған азаматтар ғана кіре алады. Саяхатшылар елге келе салысымен ПТР-тест тапсырып, 24 сағат оқшаулануы тиіс.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Сергей Ауслендер