Бразилияда үлкен су бөгеті жарылуы мүмкін  

Бразилияның оңтүстік-шығысына қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Хабар 24.

Аймақтағы үлкен бөгет кез келген уақытта жарылуы мүмкін. Дронның көмегімен түсірілген бейне-жазба су деңгейінің жылдам көтеріліп келе жатқанын айғақтайды. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Олар бірнеше күннен бері толассыз құйған нөсер әлі бір апта жауады, – дейді. Билік дайындықтың ең жоғары деңгейін жариялап, қауіпті аумақтағы тұрғындарды шұғыл көшіруге кірісті.

– Бөгет бұзылуы мүмкін. Қаламыз бірден су астына кетеді. Көшуден басқа амалымыз жоқ.

– Мұндай қауіпті бұрын-соңды көрген емеспін. Бөгеттегі су 5 қаланы басуы мүмкін. Өте қорқынышты.