Ұлыбританияда омикронның күш алуы кадр тапшылығын туындатты

Мәселені шешу үшін Ұлыбритания билігі науқастардың карантинде отыру уақытын 5 күнге дейін азайтуды жөн көрді, деп хабарлайды Хабар 24.

Кейінгі бірнеше айда Біріккен Корольдікте 5 млн-ға жуық еңбекке жарамды азамат вирус жұқтырған. Бұл ел экономикасы үшін ауыр соққы болды.

Эми Девениш, мейрамхана иесі:

– Көптеген тапсырысты орындай алмай қалдық. Алдын ала брондалған мерекелер өткізілмеді. Қызметкерлердің жоқтығынан шығынға баттық.