Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі резолюциясына вето қойды

Ал осы мезгілде Еуроодақтың 27-і мемлекетінің қаржы министрлері санкциялық шаралардың үшінші раундын қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілісі АҚШ, Еуроодақ және Британия Владимир Путин мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа қарсы жекелей санкция енгізген. Сонымен қатар Еуроодақ «Ресейтеміржолы», «КамАЗ» және «Ростех» секілді ірі компанияларға да санкция салды. Франция қаржы министрі Брюно ле Мэр кеше Ресейді SWIFT банк жүйесінен шығаруды ұсынды. Бұл – Украинаның талабы, бірақ Еуродақ елдерінің министрлері мұндай қатаң шара қолданудың реті бар ма, жоқ па, соны келісе алмай жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымында да дау көп. Кейінгі отырыста Ресей бұл Ұйымның қауіпсіздік Кеңесінің Украинаға шабуылды тоқтату туралы резоюциясына вето қойды. Ал резолюцияға 11 мемлекет дауыс берген.Тек Кытай, Үндістан мен Біріккен Араб әмірліктері ғана қалыс қалды.