«Грэмми» жүлдесін жеңіп алған ән белгілі болды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында алпыс төртінші "Грэмми" музыкалық сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

Биыл марапат саны бойынша америкалық Джон Батист көш бастап тұр. Музыкант 11 номинацияның төртеуін қоржынға тіккен. Арасында «Жыл альбомы» марапаты да бар. Ал «Лив Зэ Дор Оупен» ((Leave The Door Open))  әні ”Грэмми” нұсқасы бойынша "Жыл әні" және "Жыл жазылымы" номинациясын да жеңіп алды. 

Айта кетейік, биыл "Грэмми" премиясы пандемия басталғалы алғаш рет офлайн ұйымдастырылды.

Естеріңізге салайық, "Грэмми"-ді АҚШ-тың  дыбыс жазу қауымдастығы 1958 жылы құрған. Бүгінде ол музыка индустриясында ең абыройлы марапат.

Ал Қазақстан Респбуликасында осы абыройлы марапатты алғаш рет алған музыкант Иманбек Зейкенов.