Талибан жаңа армия құруға күш салып жатыр

Қазірге дейін әскер қатарына 110 мың адам шақырылған. Бұл туралы Талибан үкіметіндегі Қорғаныс министрлігінің басшысы Мохаммад Якуб мәлімдеді.

Жалпы тәліптер елдің қауіпсіздігі мен қорғанысы үшін 150 мың сарбаздан тұратын жаңа армия құруды жоспарлап отыр. Оған негізінен әскери тәжірибесі бар ер азаматтарды, оның ішінде бұрынғы билік кезіндегі әскерилерді де алу көзделген.