Одессада жатақхана атқыланды – Украина

Кеше Ресей әскері Одесса қаласын тағы атқылап, бір зымыран жатақханаға барып түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

1 бала қаза тауып, тағы бір қыз жараланған. Ал Ресей Қорғаныс министрлігі кеше Украинаның шығысындағы ондаған әскери нысанға соққы берілгенін мәлімдеді.

Игорь Конашенков, Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

– Ресейдің әуе шабуылына қарсы күштері Змеиный аралының маңында Украинаның 3 ұшқышсыз апппаратын атып түсірді. Сондай-ақ Харьков облысы мен өзге аудандарда бірнеше дронның көзі жойылды. Ал Изюм мен тағы бірнеше мекенде 5 Смерч зымыраны талқандалды.