Қытайда шектеу шаралары қатаңдатылды  

Бейжіңде коронавирусқа қатысты шектеу шараларына талап күшейе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

3 жарым миллион адам тұратын қаладағы ең ірі аудан – Чаоянда саябақтар, сауда орталықтары мен мейрамханалар жабылды. Тұрғындар жаппай ПТР-тест тапсырып жатыр. Өзге аудандағы жұртқа басқа өңірлерге шығуға және кісі көп жиылатын іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынған. Азаматтарға үйден жұмыс істеуге кеңес берілді. Қоғамдық көлік қозғалысы да шектелген. Кейінгі тәулікте Бейжіңде 60-тан аса адам коронавирус жұқтырған. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 2 есе көп.