Санкт-Петерборда қызғалдақтар фестивалі басталды

Қалалық саябаққа 200 мыңнан астам гүл қойылды. 150 сұрып бар. Олардың 10-ы өте сирек кездесетін тұқымға жатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фестивальға келушілер концерт те тамашалай алады. Бұл шара 2015 жылдан бері тұрақты өтіп келеді. Бірақ бұл жолы 2 күнге ғана созылады. Ұйымдастырушылар бұған күннің суытуы мен пандемия әсер етті дейді.