476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ДДСҰ: Пандемия әлі біткен жоқ

  • 170
  • UPD: 09:36, 23.05.2022
ДДСҰ: Пандемия әлі біткен жоқ

Женевада Денсаулық сақтау министрлерімен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының делегаттары бас қосты. Олар соңғы 3 жылдан бері алғаш рет дәстүрлі форматта жиын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда жаһандық түйткілді мәселелердің бірі – COVID-19-бен күрес стратегиясы талқыланды. Өйткені коронавирустан әлемде 15 млн астам адам көз жұмды. Мамандар вирус қайта өршіп, індетке шалдығатындардың саны артуы мүмкін деп алаңдап отыр. Жиында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесусты жаңа мерзімге қайта сайлау және ұйымның тұрақты жұмыс істеуі үшін оны қаржыландыруды қайта қарау қажет екені айтылды.

Тедрос Гебрейесус, ДДСҰ төрағасы:

- Пандемия әлі біткен жоқ. 70 елде індеттен зардап шеккендер саны артып барады. Вирус әсіресе вакцианалау жұмыстары баяу жүріп жатқан елдерде ушығып тұр. Бұл індет бізді абдыратып тастады. Себебі оның қаншалықты тез өршіп кететінін дөп басып айту қиын.

Хабар 24 телеарнасы