Нью-Йоркте метрода атыс болып, бір адам көз жұмды

Куәгерлердің айтуынша, ер адам вагонға мінгесін біраз уақыттан кейін жолаушыға оқ атып, келесі станцияда шығып кеткен. Қазір полицейлер қаскөйді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны бұл әрекетке не итермелегені белгісіз. Тергеу мәліметі бойынша, оқ атқан ер адам мен марқұм бірін-бірі танымаған. Айта кеткен жөн, кейінгі уақытта Нью-Йоркте қоғамдық орындарда жасалатын шабуылдар саны күрт артып кетті. Жақында ғана қалада ұқсас оқиға болған еді. Қаскөй метрода атыс ашып, 20-дан аса адамды жаралаған.