476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ғалымдар әлемдегі ең алып өсімдікті тапты

  • 174
  • UPD: 13:16, 02.06.2022

Ол – теңіз түбінде шалғын түзіп өскен балдырлар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар бұл өсімдікті әлемдік мұра саналатын табиғи нысан Шарк-Бей шығанағынан тапқан. Осы уақытқа дейін ғалымдар аталған шалғын өсімдіктердің мыңдаған түрінің жиынтығы деп есептеп келген. Алайда қазір австралиялық мамандар оның шын мәнінде генетикалық тұрғыдан бір өсімдік екенін алға тартып отыр. Шалғын 180 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, бұрын оның ауданы бұдан да үлкен болған. Дауыл пен теңіз толқыны кесірінен уақыт өте кішірейіп қалған.

Хабар 24 телеарнасы