Бангладеште өрт пен жарылыстан 32 адам ажал құшты

Бангладештің оңтүстік-батысында химикат сақталған контейнерден өрт шығып, соңы жойқын жарылысқа ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше оқиғадан 32 адам ажал құшты. Тағы 150-ден астамы жарақат алған. Бұл туралы ел билігі мәлімдеді. Жарылыстың күшті болғаны соншалық жақын маңдағы ғимараттардың терезесі шағылып түскен. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Жергілікті ақпарат құралдары бұл жерде 5 мыңға жуық контейнер болғанын айтады.

Сондай-ақ...