Жапонияда ұлттық валюта рекордтық көрсеткішке дейін құлдырады

Жапонияның ұлттық валютасы – иена кейінгі 20 жылда болмаған көрсеткішке дейін құлдырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылардың айтуынша, бұған АҚШ-тағы инфляция себеп. Америкалықтар қымбатшылықпен күресу үшін проценттік мөлшерлемені көтеретінін жариялады. Бұл жаңалық жапон нарығына да әсер еткен. Әлемде шикізаттың қымбаттауына байланысты жуырда рекордтық инфляция тіркелді. Салдарынан азық-түлік пен жанармай бағасы, сонымен қоса коммуналдық қызмет ақысы шарықтап кетті.