Еуроодақ газды Израильден экспорттайды

Еуроодақ Ресейдің газы мен мұнайына қарап отырмас үшін Израильмен ынтымақтастығын нығайтпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы орайда Еуропалық одақ, Израиль мен Мысыр елі үшжақты меморандумға қол қоюға ниетті. Құжатқа сәйкес Израильден шыққан көгілдір отын газ құбыры арқылы Египетке жеткізіліп, кейін Еуропа елдеріне теңіз арқылы жөнелтіледі. Болжам бойынша 6 млрд долларға бағаланған жоба Еуроодақтың табиғи газға деген қажеттілігінің 10 процентін қамтамасыз ете алады.

Айта кетейік, осы айда Еуропалық одақ Ресей мұнайына эмбарго жариялап, қатаң санкциялар тізімін мақұлдады. Урсула Фон дер Ляйен 2027 жылға дейін Мәскеудің көмірсутегі мен газынан толықтай бас тартуды ұсынып отыр.